Жаңалықтар

«Москва» БО-да «Сергей Калмыковтың ерекше әлемі» көрмесі ашылады

14 сәуірде сағат 16.00-де «Москва»  бизнес-орталығының мәдени-демалыс кеңістігінде «Сергей Калмыковтың ерекше әлемі» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Бұл бірегей экспозицияны Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «#30-данартық» жобасы аясында көрнекті орыс және қазақстандық суретшінің 130 жылдығына орай Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі ұйымдастырды.

Көрме «Толқынды сызықтардың гроссмейстері», «Жер мен Галактиканың I дәрежелі данышпаны», «Түсті геометрия магистрі» Сергей Иванович Калмыковтың – негізгі кезеңдері мен шығармашылық асулары туралы сыр шертеді.

Көрме кураторы, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің мәдени бағдарламаларының жетекшісі Ольга Скальчук: «Даңқты суретшінің, Қазақстанның Тұңғыш авангардисті және Күміс дәуірінің соңғы өкілінің тағдыры мен көп қырлы шығармашылығы-елдеріміз арасындағы мәдени байланыстардың жарқын мысалы, ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы қалыптасқан ортақ гуманитарлық кеңістігіміздің бар екендігінің сөзсіз дәлелі.

Біздің көрме жобамыз – Венеция биенналесінде - беделді халықаралық көркемөнер көрмесінде Қазақстанның тұңғыш ұлттық павильонын қолдаудың өзіндік нысаны. Осы павильонның комиссары Меруерт Қалиеваның айтуынша, Сергей Калмыковтың шығармашылық жолы мен идеялары қазақстандық экспозицияның басты тақырыбына айналды. Бұл Орталық Азиядағы заманауи суретшілердің кейінгі ұрпақтарына орасан зор ықпал еткен көрнекті орыс және қазақстандық шеберге құрмет пен ризашылық болып табылады.»

«Москва» БО директоры Сергей Козин: «Данышпандардан қорқудың қажеті жоқ, бұл сүйкімді адамдар", - деп жазды өзі туралы Сергей Калмыков – болашақ ұрпақ үшін шығармашылығын қалдырған ірі және жарқын тұлға, қарапайым данышпан. Эксцентрикалық орыс және қазақстандық суретші, өз ісінің маманы, қайталанбас көркемдік стиль жасап, бай мәдени мұра қалдырды. «Москва» БО-дағы көрме алаңында көрермендерге ұсынылған Сергей Калмыковтың ерекше әлемі уақытнан және кез-келген географиялық, саяси шекарадан да тыс».


«Сергей Калмыковтың ерекше әлемі» жобасын жүзеге асыруда Орыс үйінің серіктестері «Москва» бизнес-орталығы, Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы, Орынбор облыстық бейнелеу өнері мұражайы болды.

сәуір
2022

Бізбен байланысыңыз

Өтінім жіберіңіз