Жоба туралы
«Москва» бизнес орталығы – бұл екі елорда - Астана мен Мәскеудің достығын бейнелейтін, жаңа буынның іскерлік кешені. Үлкен мұхит лайнеріне ұқсайтын ғимарат Қазақстан астанасының сол жағалауындағы ең танымал сәулет жобаларының біріне айналды.
25 қабат
Астана, Достық көшесі, 18
ауданы 70 000 м22
паркинг 335 орын
панорамалық лифт

«Москва» бизнес-жобасының миссиясы - Қазақстан Республикасы нарығының ойыншылары үшін қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу - заманауи және қауіпсіз бизнес-кеңістік құруда көрініс тапты.

Ғимаратта «А» класындағы кеңсе орталығы, мәжіліс орталығы, сауда орталығы, мейрамханалар мен барлар, спорт клубтары, сондай-ақ екі деңгейлі жерасты паркингі орналасқан. Ғимаратта үнемі өнер көрмелері өтеді.

Заманауи тұжырымдама, ерекше орналасуы және бірегей сәулеті «Москва» көпфункционалды орталығын іскерлік өмір, демалыс және туризм үшін ең үздік нысанға айналдырады.

Беделді орын
Ғимарат Президент Сарайына, «Бәйтерек» монументіне, Сенат, Парламент Мәжілісі және Жоғарғы сот ғимаратына дейін жаяу қашықтықта орналасқан.
Қаланың ең жақсы көріністері
Жоғарғы қабаттарда 360-шолумен панорамалық екі мейрамхана бар, ал кеңселерде панорамалық әйнек бар
Көпфункционалдылық
Кешенде кеңсе мен сауда кеңістігі, мейрамханалар, спорт клубтары мен дүкендері сәтті үйлесім тапқан
Резиденттер қауымдастығы
Резиденттер қауымдастығы байланыс және бірлескен демалыс үшін құрылды
9 мейрамхана
Елорда тұрғындары арасында танымал қазақстандық үздік рестораторлардың жобалары - жоғары асхана мейрамханаларынан бастап тематикалық барлар мен жазғы террассаларға дейін
7 фитнес-клуб
Керемет спорттық дене бітімі мен салауатты өмір салтын сақтау үшін бәрі бар - классикалық фитнес, бокс, гимнастика, би, йога және тағы басқалар
Марапаттар
2014 - CRE AWARDS 2014 байқауының «Сәулет және дизайн» санатындағы «А» класындағы үздік бизнес-орталық
2015 - Қазақстандағы ең үздік офистік жылжымайтын мүлік объектісі - CRE AWARDS байқауының көрермендер көзайымы сыйлығы және Қазақстандағы ең үздік офистік жылжымайтын мүлік объектісі - CRE AWARDS 2015 байқауының 2-ші орны.
2017 - Ғимараттың бейнесі қазақстандық валюта - 500 теңге банкноттарда салынды
2019 - Вest Office Development Kazakhstan номинациясы бойынша Asia Pacific Property Awards 2019-2020 халықаралық жылжымайтын мүлік байқауының жеңімпазы

Бізбен байланысыңыз

Өтінім жіберіңіз