«Москва» бизнес-орталығында «Ұйқыдағы сана» көрмесі ашылады.
2022 жылғы 27 қаңтардан бастап астаналық «Москва» бизнес-орталығында Холокост құрбандарын еске алу халықаралық апталығы аясында «Ұйқыдағы сана» көрмесі ұйымдастырылады.
Жобаны ұйымдастырушылар - Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі, «Москва» БО, «Холокост» ғылыми-ағарту орталығы Қазақстан астанасының тұрғындары мен қонақтарына бірегей экспозиция ұсынады. Оның атауы Ұлы испан суретшісі Франсиско Гойаның «Ұйқыдағы сана құбыжықтарды тудырады» атты әйгілі офортына бағытталған.
Жобаның кураторы, Орыс үйінің мәдени бағдарламаларының жетекшісі Ольга Скальчук: «Біз неміс фашизмі мен нацизмінің пайда болу себептерін адам баласына қастандық шектен шыққан көрінісі ретінде көрсетуге және түсіндіруге тырысамыз. Біз көрермендермен бірге әлемге Гете, Шиллер және Бетховен берген білім мен мәдениет жоғары Германияда адамды құртатын сұмдық идеологияның қалай және неге пайда болғанын талқылағымыз келеді. Біздің 1933 жылы мамырда Берлиннің қақ ортасында болған оқиғаларға үндеуіміз осыған арналған. Онда әлемге әйгілі Гумбольдт университетінің дәл жанында түнде кітаптар отқа жағылды. Эрих-Мария Ремарктың, Максим Горькийдің, Эрнест Хемингуэйдің туындыларын «санасы ұйқыға» кеткен студенттер, профессорлар, үй шаруасындағы әйелдер отқа лақтырды. Олар тек кітаптарды ғана жоймайтынын түсінбеді. Олар адамзаттың негізгі генетикалық коды – ізгілікті өлтірді.
Бірнеше жыл өткен соң бұл варварлық надандық гетто мен концлагерьлерді тудырады, әлемді тарихтағы ең қорқынышты және қанды соғысқа батырады.»
«Біздің жобаның басты міндеті - тарихты бұрмалауға қарсы тұру, жастардың радикализмге, экстремистік және неонацистік теорияларға тұрақты иммунитетін қалыптастыру», - деді «Москва» БО директоры Сергей Козин.
«Ұйқыдағы сана» көрмесі екі бөлімнен тұрады: «Пролог» және «Эпилог».
Экспозицияның негізі - фашистер жойған кітаптар және «ұйқыдағы сананың» қайғылы салдарын көрсететін бірегей құжаттар мен фотосуреттер.
Көрмеде қазіргі заманғы суретшілердің біздің ортақ тарихымыздың драмалық оқиғаларына деген көзқарастарын бейнелейтін және олардың қайталану қаупі туралы ескертетін туындылары мен инсталляциялары ұсынылған.