Жаңалықтар

Достоевскийдің 200 жылдық мерейтойы Нұр-Сұлтан қаласында бірегей көрмемен атап өтіледі

Достоевскийдің 200 жылдық мерейтойы Нұр-Сұлтан қаласында бірегей көрмемен атап өтіледі



2021 жылдың 11 қарашасында ұлы орыс жазушысы Федор Михайлович Достоевскийдің туғанына 200 жыл толды. «#Достоевский200» көрмесі жазушының мерейтойында елордалық «Москва» БО-да есігін айқара ашты.


Көрмені «Москва» бизнес-орталығының қолдауымен Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі дайындады және Санкт-Петербургтегі Достоевский мұражайы мен Семей қаласындағы Достоевский әдеби-мемориалдық мұражайының көрермендерді жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын бірегей экспозициялары бар. Сондай-ақ, «#Достоевский200» көрмесінде әлемдік әдеби классиктің заманауи суретшілер салған және нейрондық желілерде жасалған портреттері ұсынылған.


Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің мәдени және ағартушылық жобаларының жетекшісі Ольга Скальчук: «Биылғы жыл бойы- Федор Михайлович Достоевскийдің 200 жылдығын мерекелеу жылы - біз қазақстандықтар тарапынан үлкен қолдауға ие болып келеміз. Мерейтойлық іс-шараларды қай қалада өткізсек те, олар әрқашан көптеген қызығушылық танытқан адамдар мен бей-жай қарамайтын көрермендерді тартады. Жазушының туған күнінде біз «Москва» БО-да Ресей үйінің командасы биыл жұмыс істеген барлық жобаларды біріктіруді шештік».


«Москва» БО директоры Сергей Козин: «Нұр-Сұлтандағы «Москва» БО көрме кеңістігінде ұлы орыс жазушысы Ф.М. Достоевскийдің 200 жылдығын мерекелеуге қосылу біз үшін үлкен мәртебе болды. Классика мен қазіргі заманды біріктіретін іс-шара форматы барлық жастағы көрермендер үшін қызықты болатынына сенімдімін. Біз үшін кешеніміздің әлеуметтік қызметі өте маңызды және біз Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің осы бірегей мәдени жобасын барынша кең аудиторияға ұсыну мүмкіндігіне қуаныштымыз».


Көрме «Москва» БО көрме кеңістігінде 25 желтоқсанға дейін өтеді, кіру тегін.

қараша
2021

Бізбен байланысыңыз

Өтінім жіберіңіз