Жаңалықтар

«Москва» бизнес орталығының бейнесі жаңа банкнотты безендірді

«Москва» бизнес-орталығының бейнесі номиналы 500 теңгелік жаңа қазақстандық банкнотты безендірді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 22 қарашадан бастап номиналды құны 500 теңгелік банкноттарды өзгерген дизайнымен айналымға шығарды.


Жаңа банкноттың дизайны «Қазақ Елі» сериясындағы айналымдағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған. Осы сериядағы барлық банкноттардың алдыңғы жағында әлемнің жалпыға бірдей танылған символы болып табылатын көгершіндер, сондай-ақ Қазақстан елордасы - Астана қаласының ғимараттары мен құрылыстары бейнеленген.


2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттың бет жағында "Қазақ Елі" монументі, Қазақстан Республикасы Сенатының ғимараты, Тәуелсіздік сарайы, "Сарыарқа" республикалық велотрегі және «Москва» бизнес орталығы бейнеленген. Банкноттың сыртқы жағында Каспий теңізі және Қазақстан картасының сұлбасы бейнеленген.


«Москва» бизнес-орталығының бейнесі алғаш рет қазақстандық ақша белгілеріне салынды.


«Москва»  ғимараты қазірдің өзінде Қазақстанның үздік офистік жылжымайтын мүлік объектісі болып танылды және CRE AWARDS байқауы аясында «Көрермендер көзайымы сыйлығына» ие болды, сондай-ақ кешен «Сәулет және дизайн» номинациясы бойынша Қазақстанның үздік А класты бизнес-орталығы атағына ие болды.


«Москва» кешенінде А класындағы бизнес-орталық, мәжіліс орталығы, сауда орталығы, фитнес-орталық және панорамалық мейрамхана кешені орналасқан. Елордалық туристік маршруттың ажырамас бөлігіне айналған бірегей сыртқы панорамалық лифт мейрамханаларға апарады.

қараша
2017

Бізбен байланысыңыз

Өтінім жіберіңіз