Жаңалықтар

"Москва"БО-да ТЖД-ның ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

20 сәуірде "Москва" БО-да "Астана қ. ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің" оқу-жаттығулары ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға елордалық ТЖД жеке құрамының 50 адамы және 10 бірлік техникасы қатысты. Биіктігі 25 қабатты "Москва " БО ғимараты эвакуацияланып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тексерілді. Оқу-жаттығудың мақсаты адамдар көп жиналатын жерлерде өртті сөндіру әдістері мен тәсілдерін қолдану, жеке құрамның біліктілігін тексеру болды.


"Астана қ. ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің" төтенше өрт сөндіру қызметі ММ жедел кезекшісі азаматтық қорғау подполковнигі Жилибеков Ержан Серікпайұлы мұндай оқу-жаттығулар персоналды оқыту және төтенше жағдайлар кезінде даярлықтың жоғары деңгейін ұстап тұру үшін қажет екенін атап өтті. Ол сондай-ақ жеке құрамның біліктілігіне және төтенше жағдайларда әрекет етуге толық дайын екендігіне сенім білдірді. 


"Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарына оқу-жаттығуларды сәтті өткізгені, өрт сөндірушілер мен ғимараттың инженерлік қызметі мамандарының үйлесімді және сауатты жұмысы үшін алғыс білдіреміз. Адамдар мен ғимараттар қауіпсіздігінің жоғары деңгейі-біздің ортақ басымдықтарымыз-деп оқу-жаттығу қорытындыларына "Москва" БО директоры Сергей Козин түсініктеме берді.

сәуір
2023

Бізбен байланысыңыз

Өтінім жіберіңіз