Қазақстан астанасында Ресейлік бизнес клубы құрылды
20 мамырда «Москва» БО-да Ресейлік бизнес клубының ашылуы және алғашқы жиналысы өтті, оның құрамына Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыратын бірқатар ресейлік және ресейлік-қазақстандық компаниялардың өкілдері кірді.
Кәсіпкерлер бірлестігін құрудың бастамашылары Ресей елшілігі мен сауда өкілдігі, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі, «Москва» бизнес орталығы болды.
Ресейдің Қазақстандағы Елшісі А.Н.Бородавкин өзінің құттықтау сөзінде Клуб ресейлік шағын және орта бизнес өкілдерінің Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті жүргізу мәселелері бойынша қарым-қатынас жасау және ресейлік іскер топтардың өкілдерінде туындауы мүмкін қиындықтар мен проблемаларды талқылау алаңы ретінде қызмет ететінін атап өтті. Бұдан басқа, Клуб базасында оның мүшелеріне серіктестер іздеуде жәрдемдесу жүзеге асырылатын болады, ал елшілік, сауда өкілдігі және басқа да ресейлік шетелдік мекемелер өз тарапынан Қазақстанда бизнес-қызметті табысты жалғастыру және ұлғайту үшін оларға тұрақты қолдау көрсететін болады.
Клубтың алғашқы жиналысының қорытындысы бойынша оның президенті болып Ресей Елшісі А.Н. Бородавкин, атқарушы директоры - Сауда өкілі А. В. Бабко сайланды.
«Москва» бизнес-орталығы клуб мүшелеріне өз кеңселері мен шоурумдарын арнайы шарттармен орналастыра отырып, қолдау көрсетуге дайын.