21 наурызда «Москва» бизнес орталығында «ProSkazku» көрмесі ашылды.
Көрме кітап оқуға және ертегілердің оқырмандарға оң әсерін тигізуге арналған. Өйткені, бізді бала кезден адалдық пен тектілікке, әділдік пен мейірімділікке баулитын – ертегілер. Жобаның тағы бір мақсаты – ертегіні белгілі бір ұлттың немесе ұлыстың «мәдени коды» мұқият сақталатын баға жетпес қойма ретінде көрсету.
Ерекше таңғажайып атмосфера, тақырыптық безендіру және ерекше кітап иллюстрациялары тек жас келушілерді ғана емес, ересектерді де қызықтырады. Сондай-ақ, көрме қонақтарын арнайы QR кодтар күтетін болады, олардың көмегімен келушілер өздерінің сүйікті ертегілерін тыңдай алады.
Көрмені «Москва» бизнес орталығы мен В.Д. Поленов мұражай-қорығының қолдауымен Астанадағы Орыс үйі ұйымдастырды.