Жаңалықтар

«Москва» БО халықаралық байқауда Қазақстанды дәріптеді

Нұр-Сұлтандағы (Астана)  «Москва» бизнес-орталығы Қазақстанды Asia Pacific Property Awards 2019-2020 беделді халықаралық байқауында таныстырды және қазылар алқасының ең жоғары бағасын алды.


Мамыр айында Бангкокта өткен Asia Pacific Property Awards 2019-2020 жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде «Москва» БО Қазақстанның офистік жылжымайтын мүлік нарығындағы іскерлік кешеннің абсолютті көшбасшылығын білдіретін Best Office Development Kazakhstan атағын алды.
Салтанатты шарада «Москва» БО жобасы Азия-Тынық мұхиты өңірінің көшбасшыларының үштігіне кірді (Австралиядан және Вьетнамнан келген жобамен бірге) және бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы кеңсе жылжымайтын мүлік саласындағы үздік объект атағына ұсынылды. International Property Awards халықаралық сыйлығының финалы осы жылдың желтоқсан айында Лондонда өтеді.


Asia Pacific Property Awards байқауы жылжымайтын мүлік және девелопмент саласындағы беделді тәуелсіз International Property Awards сыйлығының Азия-Тынық мұхиты бөлімі болып табылады. Сыйлық 1993 жылдан бастап бүкіл әлемде өткізіліп келеді және 6 аймаққа бөлінеді: Африка, Азия, Америка, Ұлыбритания, Қиыр Шығыс және Еуропа. Бұл байқаудың марапатын коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлік жобалары, компаниялары мен мамандары ең жоғары және жоғары кәсіби жетістіктері үшін алады.


Конкурсқа арналған жобаларды құрамына жылжымайтын мүлік саласындағы жоғары білікті тәжірибелі сарапшылар болып табылатын 80-нен астам халықаралық төрешілер кіретін тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының төрағалары Ұлыбритания парламентінің Лордтар Палатасының мүшелері: Lord Caithness, Lord Best, The Earl of Liverpool, Lord Thurso.


«Қазақстандағы «Москва» БО жеңісі және бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағының үздік кеңсе объектісі атағы номинациясы - біздің жоба тарихындағы айтулы оқиға. Біз «Москва» бизнес орталығымызды мақтан тұтамыз, оның жоғары бағалары Қазақстанды әлемдік девелоперлер жарысының жартылай финалына шығарды», - деп «Москва» БО директоры Сергей Козин жобаның жеңісіне түсініктеме берді.


«Москва» бизнес-орталығын Елена Батурина компаниясы Нұр-Сұлтанның (Астана) қақ ортасында Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы келісім шеңберінде салған. Бүгінгі таңда «Москва» БО - Нұр-Сұлтандағы (Астана) ең көрнекті және танымал іскерлік орталық, бизнес-орталықтың барлық алаңдары жалға берілді, ғимараттың бейнесі номиналы 500 теңге болатын ұлттық валютада бейнеленді, жоба танымал туристік объект болып табылады. «Москва» БО ғимаратында «А» класты бизнес-орталық, сауда орталығы, спорт клубтарының кешені, сондай-ақ 9 мейрамхана орналасқан. Ғимараттың бірегей сәулеттік ерекшелігі - Қазақстанда баламасы жоқ сыртқы панорамалық лифт.

маусым
2019

Бізбен байланысыңыз

Өтінім жіберіңіз